Мемлекет басшысы әскерилердің баспана мәселесін шешетін заңға қол қойды

0
737

Заң арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әскери қызмет атқаруды реттеуге бағытталған.


Мемлекет басшысы әскерилердің баспана мәселесін шешетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.