Мемлекет басшысы бірқатар елмен ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады

0
367

Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.


Мемлекет басшысы бірқатар елмен ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елмен келісімдерді ратификациялау туралы заңғы қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.