Мемлекет басшысы бірнеше мемлекеттегі елшіні ауыстырды

0
500


Мемлекет басшысы бірнеше мемлекеттегі елшіні ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы, Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілерін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.