Мемлекет басшысы екі бірдей заңға қол қойды

0
512

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді заңдастыруға бастапқы тіркеу үшін алым белгілеуді көздейтін өзгерістерге қол қойды.


Мемлекет басшысы екі бірдей заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.