​Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындады

0
1 042

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін Жәния Әубәкірова атқарып келген болатын.


​Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындады

Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал осыған дейін Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін Жәния Әубәкірова атқарып келген болатын.

Жәния Яхияқызы 13 маусымда мемлекет басшысының Өкімімен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатылған.