Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

0
803

Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр.


Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп жазады ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

"Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!" - деп жазылған құттықтауда.

Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр.