Мемлекет басшысы мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды

0
534

Мемлекет басшысы елімізде экология мәселесі шешілмей тұрғанын ескертті.


Мемлекет басшысы мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына тағы бір міндетті пән қосуды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Біз мектептерде жаңа пән - балалардың экологиялық сауатын арттыратын сабақты енгізуміз қажет", - деді Тоқаев.


Бұған қоса ол еліміздегі экология мәселесі шешілмей тұрғанын ескертті.


"Елдімекендерге жақын аймақтардағы қоқыс мәселесі шешілмей тұр. Рейд жұмыстары, айыппұл салу сынды шаралар тек қысқа мерзімді нәтиже көрсетуде. Экология министрлігі жүйелі түрде жұмысқа кірісуі қажет", - деді президент.