Мемлекет басшысы министрлерге ескерту жасады

0
672

"Мемлекеттік аппарат өз жұмысын тиімді әрі жедел атқарып отыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысы министрлерге ескерту жасады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтегілерге ескерту жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяу жүріп жатқанын мойындау керек. Сондықтан еліміздің экономикасы үшін реформалардың бағдарламаларын әзірлеу маңызды деп санаймын. Бізге негізгі проблемаларды шешуге әсер ететін жаңа экономикалық бағам қажет. Реформаларды жүзеге асыру үшін шешім қабылдай білу қажет. Сондықтан мен үкіметті шешім қабылдауға шақырамын", - деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент Алматы облысы әкіміне: Барып тексеремін Тоқаев мемлекеттік аппараттың шешімді баяу қабылдайтынын айтып өтті.

"Былай жұмыс істеуге болмайды. Реформаларды жүзеге асыру керек. Президент шенеуніктерді дұрыс әрі жылдам жұмыс істеуге мәжбүрлеп, бақылаушы ретінде жүре алмайды. Премьер-министр де мұндай қарқынмен жұмыс істемеуі қажет. Оның алдында мүлде басқа міндеттер тұр. Сол себепті мемлекеттік аппарат өз жұмысын тиімді әрі жедел атқарып отыруы керек", - деді Мемлекет басшысы.