​Мемлекет басшысы: Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі

0
577

Партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды.


​Мемлекет басшысы: Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі

Елімізде партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. Ал, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.