Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны марапаттады

0
899

Халық әртісі ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін марапатталды.


Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін Роза Рымбаеваны марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы", - деп жазылған Құжатта.

Сонымен қатар, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Шамбулұлы да мараматталды.

"Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы", - делінген ресми Құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.