Мемлекет басшысы Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

0
1 115

Президент Үкіметке нақты тапсырма жүктеді.


Мемлекет басшысы Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өңір басшылығы Президентке жылу құбырын қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Президент.