Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды

0
778

Қазақстанның Аустралия мен Филиппиндегі елшілері тағайындалды.


Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

- Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

- Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.