Мемлекет Италияда көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің денесін елге әкелуге ақша бөледі

0
704

Италияда 27 жастағы қазақстандық ғалым қаза тапты.


Мемлекет Италияда көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің денесін елге әкелуге ақша бөледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның сөзінше, аптаның соңына дейін оның денесі елге жеткізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетейік, Италияда 27 жастағы қазақстандық ғалым қаза тапты.

"17 қаңтарда Салерно қаласының орталығында Салерно Университетінің жас зерттеушісі - 27 жастағы Әсем Жарбосынды жолдан өту кезінде көлік қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды", – делінген Corriere del Mezzogiorno басылымының материалында.

Итальяндық басылымның хабарлауынша, көлікті 20 жастағы жігіт тізгіндеген. Алкоголь сынағы теріс нәтиже көрсеткен.