Мемлекет қолдауымен түсірілген 50 сериал шетелге сатылды

0
520

Қазақстан мемлекеттің қолдауымен түсірілген 50-ден астам сериалды басқа елдерге сатқан.


Мемлекет қолдауымен түсірілген 50 сериал шетелге сатылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

“Соңғы бес жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстанға сатылды", - деді Асқар Омаров.