Мемлекет мұқтажына алынатын жер учаскелері енді нарықтағы бағамен есептеледі

0
1 035

Заңға сәйкес, енді мемлекет мұқтажына арналған жер учаскелері нарықтық бағамен алынады.


Мемлекет мұқтажына алынатын жер учаскелері енді нарықтағы бағамен есептеледі

ERNUR.KZ. Мемлекет мұқтажына арналған жер учаскелері нарықтық баға бойынша алынады, - деп жазады Tengrinews.kz.

2019 жылдың 21 қаңтарында Президент меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған болатын.

Заңға сәйкес, енді мемлекет мұқтажына арналған жер учаскелері нарықтық бағамен алынады. Қазіргі уақытта алынатын жер учаскелерінің бағасы кадастрлық құнмен немесе азаматтық-құқықтық келісімшартта көрсетілген баға бойынша белгіленген, сондай-ақ, соттың шешімімен белгіленген бағамен алынатыны айтылады.

Бұдан бөлек, заңнамада меншік иесінен жер учаскесін алуға кететін шығындарды әкімдіктердің өз мойнына алатыны айтылады. Осылайша, заң жобасына енгізілген түзетулер азаматтардан алынатын жер учаскелері үшін кететін шығындардың әділ өтелуіне бағытталған.

Осы мақсатта "Жер кодексі" мен "Мемлекеттік меншік" туралы заңдарға қажетті өзгертулер енгізілген.