Мемлекеттік басқару академиясының грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

0
457

​Биыл Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын.


Мемлекеттік басқару академиясының грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Биыл Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын. Оқу гранттарының саны 132. Оның 12-сі докторантура бағдарламаларына арналған, деп жазады BAQ.KZ.

Магистратура бойынша гранттар:

«Мемлекеттік саясат» – 39 орын;

«Өңірлік даму» – 29 орын;

«Экономика» – 16 орын;

«Адами ресурстарды басқару» – 12 орын;

«Мемлекеттік басқару» – 12 орын;

«Халықаралық қатынастар» – 12 орын.

Докторантура бойынша 12 грант:

«Экономика» - 2 грант;

«Халықаралық қатынастар» - 2 грант;

«Мемлекеттік басқару» - 8 грант.