Мемлекеттік хатшы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

0
980

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады,-деп хабарлайды АҚОРДА.


Мемлекеттік хатшы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады,-деп хабарлайды АҚОРДА.

Мемлекеттік хатшыға Филиппин Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Карлос Д.Соррета, Чад Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Мбатна Банджанг, Эквадор Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Хулио Прадо Эспиноза, Экваторлық Гвинея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Хосе Эсоно Мича Акенг, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Риши Рам Гхимире, Аргентина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Рикардо Эрнесто Лагорио, Мексика Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Бернардо Кордова Телло, Йемен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Мохаммед Мотахар Алашаби сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсім соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, табыс тіледі.