Мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыс жиі орын алатын қалалар аталды

0
2 339

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі хабарлады.


Мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыс жиі орын алатын қалалар аталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу процесін рәсімдеу кезінде қылмыс жиі орын алатын өңірлер аталды, деп жазады Stan.kz.


"Агенттік мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу бойынша белсенді жұмыстарын жалғастыруда. Соңғы 3 жылда және биылғы жылдың өткен кезеңінде осы бағыттағы 1 305 фактінің жолы кесілді. Нәтижесінде 1 мыңнан астам лауазымды тұлға ұсталып, оның 486-і сотталды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров ANTIKOR-да онлайн өткен баспасөз мәслихатында.


Сонымен қатар, агенттік өкілі еліміздің қай өңірінде заңсыз әрекеттердің жиі орын алатындығын айтты.


"Негізінен заңсыз іс-әрекеттер парақорлықпен (76%), алаяқтықпен (11 %) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланумен (4%) байланысты. Тіркелген қылмыстардың ең көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және ШҚО, Түркістан Алматы облыстарына тиесілі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде орын алуда", - деді ол.