Мемлекеттік сатып алу туралы заң: конкурстарды өткізу мерзімі 1 айға қысқартылады

0
428

Мәжіліс отырысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң мен оған ілеспе заңдарды талқылау жүріп жатыр.


Мемлекеттік сатып алу туралы заң: конкурстарды өткізу мерзімі 1 айға қысқартылады

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізуді және бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мәжіліс отырысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң мен оған ілеспе заңдарды талқылау жүріп жатыр.

«Сатып алу рәсімдерінің созылып кетуін болдырмау мақсатында қорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі. Ұйымдастырушы базасында жоғары тұрған орган, бақылаушы орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен шағымдарды қарау жөніндегі комиссиялар құрылады. Қорытындыларға шағымдану құқығы жеңімпаздарын конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана беріледі. Сатып алу қорытындыларын қайта қараудың осындай тәсілі Әкімшілік Рәсімдік - Процестік Кодекстің талаптарына сәйкес келеді және Жоғарғы Сотпен келісілген», - деді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Ол Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі рәсімдердің ұзаққа созылып кетуі екенін атады.

«Бүгінгі таңда конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды. Осыған орай жекелеген кезеңдердің мерзімі қайта қаралып, конкурсты өткізу мерзімі 1 айға дейін қысқартылатын болады. Бұдан басқа, 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады», - деді министр.