"Мен Қарағандыны жақсы көремін" деген жазуды дауыл қиратып кетті (видео)

0
1 467

Сондай-ақ дауылдан бірнеше мекеменің шатырлары да ұшып кетті.


ERNUR.KZ. Бүгін Қарағанды облысында дауыл тұрып, бірнеше ғимарат - ЖОО-лар мен көпқабатты үйлер шатырсыз қалды. Одан бөлек, қатты жел салдарынан "Мен Қарағандыны жақсы көремін" деп жазылған конструкция деп қираған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыдағы Бұқар Жырау ауданында шатырдың үлкен қалдықтары ұшып жүрген.

Бкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ниверситетінің екінші корпусы да төбесіндегі жабынынан айырылды.

Шатыр бөлшектері, абырой болғанда, студенттерге зақым келтірмей, тротуарға ұшып түскен.

Арнайы мамандар төтенше жағдай орын алған жерге келіп, жұмыс істеуде.