"Мен туымды мақтан етемін": Қазақстандықтар әлеуметтік желіде акция бастады

0
1 579

Олардың қатарында өнер жұлдыздары, қоғам белсенділері, спортшылар, елімізге танымал тұлғалар бар.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде тумен түскен суреттерін жариялап, акция бастады, деп жазады Stan.kz.

"Мен туымды мақтан етемін" деп ұрандатқан қазақстандықтар желідегі парақшаларына тумен түскен суреттерін жарыса жариялаған. Олардың қатарында өнер жұлдыздары, қоғам белсенділері, спортшылар, елімізге танымал тұлғалар бар.

Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Жанар Айжанов, Ержан Максим, Елдос Сметов, Әлия Юсупова, Болат Айханов, Жеңіс Сейдулла сынды бірқатар тұлғалар мемлекеттік тудың мәртебесін асқақтатып, оның үнемі желбіреп тұрғанын қалайтынын жеткізбек болған.

Олар мемлекеттік туды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін жарыса жазды. Акция бастағандардың арасында танымал тұлғалар ғана емес қарапайым халық та бар.