"Мен үйде болмадым": Елордада терезесіне кран құлаған пәтер иесі мән-жайды айтты

0
438

Құрылыс компаниясы пәтердің зақымдалған тұсын қалпына келтіруге уәде берді.


ERNUR.KZ. Пәтер иесі қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында оқиға кезінде үйде болмағанын айтты, деп жазады Экспресс К.

"Мен мына жағдайдан абдырап тұрмын. Бәрі жақсы, ешкім зардап шеккен жоқ. Құрылыс компаниясы барлығын қалпына келтіреді. Мен үйде болмадым. Әйелім ас үйде тамақ жасап жатқан. Кран соның жанына құлаған. Үйде екі балам болды", - деді үй иесі.