"Мені халық емес, депутаттар сайлады": Алматы облысындағы әкімнің сөзі желіде қызу талқыға түсті (видео)

0
1 830

Тұрғындардың бірі әкімді халық сайлағандықтан, оқиға орнына келуге міндетті екенін айтады.


ERNUR.KZ. Алматы облысы Ащыбұлақ ауылдық округының әкімі Жасұлан Оңалбаевтың халыққа айтқан сөзі желіге қызу талқыланды деп жазады Stan.kz.

Тұрғындардың бірі әкімді халық сайлағандықтан, оқиға орнына келуге міндетті екенін айтады.

"Қателесесіз. Мені депутаттар сайлады. Келесі жолы тағы сайлауға түсемін, сол кезде халық таңдайды", – деді Жасұлан Оңалбаев.

Кейін ауыл тұрғынының "Сонда халыққа емес, депутаттар үшін жұмыс істейсіз бе?" деген сауалына әкім бастапқыда "Әрине, жоқ" деп жауап беріп, артында "Иә" деп қосты.

Алматы облысы Іле ауданы этика бойынша уәкіл әкіммен түсінлірме жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызметкерлер этикасы кодексін сақтау керегін де қосып өтті.