​Мерейтойлық медальдар табысталды

0
1 767

Министр мерейтойлық медальдарды табыстау рәсімінде ішкі істер органдары ардагерлерінің Астананың қалыптасуына қосқан үлестеріне айрықша тоқталды.


​Мерейтойлық медальдар табысталды

фото: baq.kz

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлерін «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. mediaovd.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр мерейтойлық медальдарды табыстау рәсімінде ішкі істер органдары ардагерлерінің Астананың қалыптасуына қосқан үлестеріне айрықша тоқталды.

«Осыдан 20 жыл бұрын елордамыздың іргесі қаланды. Осы жылдары барлықтарыңыз Астанамыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыздар. Мінеки, елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында осы еңбектеріңізді елеп-ескеріп жатырмыз. Астанамыздың 20 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, бақ-береке тілеймін», – деді құттықтау сөзінде ведомство басшысы.
Министрдің қолынан награда алғандардың қатарында ІІМ бұрынғы басшылары – Ішкі істер министрі Болат Ысқақов, министрдің бірінші орынбасары Марат Демеуов, министр орынбасары Николай Власов, қызмет басшылары: Игорь Кан, Болат Ибраев, Кеңес Арыстанов, Мұратбек Кәрібаев, Әсет Ақанов және Астананың қалыптасу жылдарында еңбек еткен тағы бірқатар басшылар бар.