Мереке күндері ауа-райы жылы болады

0
1 165

7-9 мамыр күндері күн райы +22 градустан 33 градусқа дейін жылынады.


Мереке күндері ауа-райы жылы болады

ERNUR.KZ. Қазгидромет 7-9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады elorda.info.

Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды ауа-райы қуантады. Антициклонның ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз күндер күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күндіз ауа плюс 22…28°С дейін, кей жерлерде плюс 30…33°С дейін жылынады.

Оңтүстік-шығыста жаңбыр тоқтайды, температура жоғарылайды. Тек батыс облыстарында атмосфералық фронттармен бірге найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі, бірақ бұл жерде де күндіз плюс 20...25, кей жерлерде 26…31°С дейін жылынады.