Мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетелдік депортацияланды

0
611

27 қарашада елімізге шетелден 20 халықаралық әуе рейсі келді.


Мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетелдік депортацияланды

Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

27 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3;
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз қазақстандықтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетелдік, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.