Microsoft ресми тілдерінің қатарына қазақ тілін қосты

1
1 088

Бұл Google-дан кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания.


Microsoft ресми тілдерінің қатарына қазақ тілін қосты

Microsoft компаниясы қазақ тілінің Microsoft Translator тілдер тобына қосылғанын жариялады, деп хабарлайды деп хабарлайды ERNUR.KZ Kaz-science.kz-ке сілтеме жасап.

Компанияның аударма тілдер тобында қазір 60-тан астам тіл қамтылған.

Қазақ тілі енді Microsoft аударма қолданбалары, қондырмалар, Office бағдарламасы, Bing аудармашысы және бизнестер мен бағдарлама әзірлеушілерге арналған Azure Cognitive Services аударма қызметінің тілі болып жұмыс жасайды.

«Бүгін біз тілдік кедергілерді жою жөніндегі миссиямызды жалғастыра отырып Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қостық деп қуаныша хабарлаймыз. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деп танылған бұл тілдің Қазақстан, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар», делінген әлемдік компанияның блогындағы жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында WikiBilim қоғамдық қоры қазақ тілінің Google компаниясы аударма қызметіне ресми түрде қосылғанын жариялаған болатын. Бүгінде қазақ тілі аталмыш аударма құралындағы 109 тілдің бірі.

Айта кетерлігі, Microsoft Google-дан кейінгі қазақ тілін қосқан екінші әлемдік компания.