​Министр Арыста зардап шеккен екі баланың денсаулығына алаңдаулы

0
691

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстар кезінде зардап шеккендердің жағдайын баяндады


​Министр Арыста зардап шеккен екі баланың денсаулығына алаңдаулы

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстар кезінде зардап шеккендердің жағдайын баяндады, деп жазады Tengrinews.kz.

Зардап шеккен үш адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр, оның екеуі бала. 57 адам ауруханадан шығарылды, 19 адам стационарлық емдеуде. Бес науқас Таразда, 15 адам - Түркістан қаласында, Алматыда екі адам жатыр. Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемеде екі адам ем қабылдап жатыр.

"Бүгінде екі науқастың жағдайы ауыр. Бір бала Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр және 17 жастағы жас жігіт - Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", - деді Біртанов брифингте.

Министрдің айтуынша, қаладағы төтенше жағдай салдарынан орталық аудандық аурухана ішінара зақымдалған. Жарылыс толқынынан терезелер сынып, шатыр зақымданған, ішкі және сыртқы есіктер бүлінген. Ол емхана шатырына снаряд құлап, осыған байланысты ғимарат төбесі жартылай зақымданғанын атап өтті. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұның алдында жалпы медициналық көмекке 409 адам жүгінгені, оның ішінде 80 адам ауруханаға жатқызылғаны мәлім болған.