Министр Байқоңырдан Ресей әскері шығатынын растады

0
1 269

Министр Қазақстан мен Ресей арасында айлақты азаматтық салаға бұру туралы әзірге келіссөз басталмаса да «осы бағытта жұмыс жүріп жатыр» дейді.


Министр Байқоңырдан Ресей әскері шығатынын растады

Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап берген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеудің Қазақстаннан жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағынан әскерилерін шығаруды ойластырып жатқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Бұдан бұрын ресейлік басылымдар Байқоңыр ғарыш айлағы азаматтық сипат алып, әскерилердің шығарылатындығы туралы жазған.

Министр Қазақстан мен Ресей арасында айлақты азаматтық салаға бұру туралы әзірге келіссөз басталмаса да «осы бағытта жұмыс жүріп жатыр» дейді.

- Азаматтық салаға ауыстыру нарыққа шығу деген сөз. Артықшылығы саланы дамытуға болады. Басқа пайда көре аламыз. Ұшыру [зымыран] деген қазір бизнес. Қазір әлемде мыңнан аса жер серігіне ұшыру қажеттілігі бар. Жергілікті тұрғындардың да пікірін сұрауымыз керек, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Министр Байқоңыр төңірегінде 76 мың адам тұратынын, ал айлақта әскери құпия нысандар болған соң инфрақұрылымдық жұмыстарды өткізе алмай жүргендерін айтады. Атамқұлов Байқоңырды азаматтық салаға бұру «жергілікті тұрғындарға жұмыс беру мүмкіндігін ашады» дейді.