Министр білім саласына қатысты сұрақтарды тікелей қоюға болатын әлеуметтік желі парақшаларын атады

0
1 280

Тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі.


Министр білім саласына қатысты сұрақтарды тікелей қоюға болатын әлеуметтік желі парақшаларын атады

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев "еститін мемлекет" тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Шын мәнінде, тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі - мемлекеттік орган мен басшының ашықтығын қамтамасыз ету деп айтсақ, бүгінгі таңда аталған бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Біріншіден, бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірі ескеріліп, оңтайлы шешімдер қабылдануда. Осы ретте, ашықтық қағидаты шеңберінде ҚР БҒМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына https://www.facebook.com/edugovrk немесе министрліктің қызметкерлеріне білім және ғылым саласына қатысты тікелей сауал жолдауға болады.
Білім және ғылым вице-министрлерінің Фейсбуктегі парақшалары да Сіздер үшін әрдайым ашық және қолжетімді.


Екіншіден, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде (87172) 742411 нөмірі бойынша call-орталық халыққа қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармаларының call-орталықтары да тұрғындар үшін қолжетімді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10214261398105122&id=1120704037

Үшіншіден, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жуырда ҚР БҒМ-не қарасты фронт-офис іске қосылатын болады. Көзделген басты мақсат - білім саласына қатысты келіп түсетін сұрақтарға мардымды жауаптар қайтарып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне үлес қосу.

Төртіншіден, өңірлердегі білім беру басқармаларына БАҚ тарапынан келіп түсетін сауалдарға уақытылы жауап беріп, білім беру тақырыбын кеңінен жариялайтын баспасөз қызметін құру тапсырылды.

Жалпы көздеген мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және ашық жұмыс жүргізу өте маңызды.