Министр Дәленов тауар ұнамаған жағдайда сатушыға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді

0
196

Оның ішінде іш киім де, гигиеналық зат та, басқасы да бар.


Министр Дәленов тауар ұнамаған жағдайда сатушыға қалай қайтаруға болатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Министр Дәленовтің айтуынша, адамдар сатып алған тауарды кейін қайтаруға ұялады, деп жазады stan.kz.

"Батыста, өзге елдерде адамдарға тауар жай ғана ұнамай қалғандықтан кейін қайтара береді. Оған ешнәрсені түсіндіру керек емес. Ал, бізде басқаша. Сіз 14 күн ішінде кез келген тауарды кейін қайтаруға құқылысыз. Оның ішінде іш киім де, гигиеналық зат та, басқасы да бар. Егер қайтарып алмаса, сауда және интеграция министрлігіне шағым жаза аласыз", - деді Дәленов.

Министр тауарды кассадағы емес, сөредегі бағамен төлеуге кеңес берді.

"Адамдар сөредегі баға бойынша тауар алып, кассаға барғанда "ол бұрынғы баға" деп одан қымбат бағаны айтады. Талап бойынша, сіз сөредегі бағаны төлеуіңіз керек. Ол жер сатушысы жоқ қоғамдық орын болғандықтан, сіз сөредегі баға үшін тауарды алдыңыз. Мұндайда әкімшісіне жағдайды түсіндіріп көріңіз. Сізге артық ақшаны қайтару керек", - деді Дәленов.

Егер дүкен әкімшісі де ақшаны қайтарудан бас тартса, министрлікке шағым жазуға болады. Министр тауардың сөредегі тауар бағасын суретке түсіріп алуға кеңес берді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет