​Министр "Ислам - ынтымақ пен бірлік діні" атты ғылыми конференцияға қатысты

0
576

Конференция қорытындысы бойынша тараптар мемлекет пен ҚМДБ арасында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.


​Министр

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шақыруымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров онлайн-форматта "Ислам-ынтымақ пен бірлік діні" республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конференция жұмысына Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев та қатысқан болатын.

Аталмыш шарада исламның рухани құндылықтарды дамытудағы маңызды рөлі атап өтілді. Министр А.Умаров өз сөзінде дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікірімен бөлісті. Министр мүфтияттың қызметі жөнінде, оның ішінде елдегі діндар азаматтар арасындағы ағартушылық жұмыстар жүргізуге қатысты өзінің ұсынысын жеткізді. Бұған қоса, министр әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдағы радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударды.
Конференция қорытындысы бойынша тараптар мемлекет пен ҚМДБ арасында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.