Министр қашықтан оқу бойынша сұрақтарға жауап береді

0
840

9 сәуірде сағат 13:00-14:00 аралығында 1450 нөміріне түскен қоңырауларға жауап береді.


Министр қашықтан оқу бойынша сұрақтарға жауап береді

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қашықтан оқу бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"2020 жылғы 9 сәуірде сағат 13:00-14:00 аралығында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фронт-офис операторларымен бірге 1450 нөмірі бойынша ведомствоның call-орталығына түскен қоңырауларды қабылдап, қашықтан оқу тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді", делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз орталығы таратқан хабарламада.