Министр жауабы: Қазақстан коронавирустың жаңа толқынына дайын ба?

0
757

Кейбір елде коронавирустың өршуіне байланысты карантин шаралары қайта енгізіліп жатыр.


Министр жауабы: Қазақстан коронавирустың жаңа толқынына дайын ба?

ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының ахуалы жайлы айтты, деп жазады baq.kz.

БАҚ өкілі министрге “Кейбір елде коронавирустың өршуіне байланысты карантин шаралары қайта енгізіліп жатыр. Біздегі ахуал қалай?” деп сұрақ қойды.

Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, ешқандай шектеу шаралары қарастырылып отырған жоқ екенін айтты.

Біз өткен жылғымен салыстырғанда көрсеткіштер 30 есеге азайғанын көріп отырмыз. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бүгінде стационарда денсаулығына шағым айтып, коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар. Стационарлардың 2 пайызы ғана толтырылған. Елімізде 2 мың доза вакцина бар. Қытайлық вакцина мен Pfizer бар. Барлық қалағандар тіркелу бойынша кез келген емханада вакцина ала алады, - деді Ажар Ғиният.