Министрлер мен Нұр-Сұлтан әкімі жүрек реанимациясын жасауды үйренді

0
944

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында халықаралық тренингтік орталық ашылды.


Министрлер мен Нұр-Сұлтан әкімі жүрек реанимациясын жасауды үйренді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым миинстрі Асхат Аймағамбетов және елорда әкімі Алтай Көлгінов Америкалық кардиологиялық қауымдастық (American Heart Association) ұйымдастырған жүрек реанимациясының базалық курсынан өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында ТМД аумағында алғаш рет Америкалық кардиологиялық қауымдастығы аккредитациялаған базалық және кеңейтілген жүрек реанимациясын (BLS, ACLS) оқыту бойынша халықаралық тренингтік орталық ашылды. Орталықтың алғашқы білім алушылары еліміздің бірқатар министрі мен елорда әкімі болды.


ТМД аумағында баламасы жоқ орталық медицина қызметкерлеріне және жалпы республика халқына реанимацияның (BLS) базалық көмегін үйретуді көздейді.


«Біз Қазақстанда кардиологиялық, жүрек-тамыр аурулары, өлім-жітім фактілері жиі кездесетінін түсінеміз. Сондықтан адамдарға дұрыс көмек көрсетуді, жүрек-өкпе реанимациясын тез және тиімді жасау жолдарын үйретуіміз керек. Қазақстанның тұрғындары, дәрігерлері мен медицина қызметкерлері бұл оқытудың әлемдік тәжірибеге сай жүргізілетінін ескеруі тиіс. Оқыту алдыңғы қатарлы ғылыми мәліметтерге негізделген», - деді Қазақстандағы Америкалық кардиологиялық қауымдастықтың халықаралық оқыту орталығының басшысы Кевин Фрейк тілшілерге берген сұхбатында.


Халықаралық тренингтік орталық Қазақстан халқының қан айналымы жүйесі ауруларынан, оның ішінде емдеуге дейінгі кезеңде қайтыс болу фактілерін азайту мақсатында ашылған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Америкалық кардиологиялық қауымдастық (AHA) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.