Министрлік әскери бөлімнен қашқан депутаттың ұлы жайлы мәлімдеме жасады

0
304

Бұдан бұрын заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.


Министрлік әскери бөлімнен қашқан депутаттың ұлы жайлы мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растады, деп жазады ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылғанын, қызметтік тексеріс тағайындалғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұдан бұрын заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.