Министрлік кәсіпкерлер 1 маусымға дейін не істеуі керек екенін айтты

0
338

​Дүкен сатушысы чек бермесе, банк картасын қабылдамаса, клиент QR-код арқылы құзырлы органдарға шағымдана алады.


Министрлік кәсіпкерлер 1 маусымға дейін не істеуі керек екенін айтты

ERNUR.KZ. Мамыр айының соңына дейін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алып үлгеруге тиіс, деп жазады sputnik.kz.

"Осы жылдың 1 маусымына дейін жабық базарларда, сауда үйлері мен павильондарда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алуы қажет. Бұл шара сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, QR-код дүкендерді сәйкестендіру үшін керек.

Мәселен, егер сатушы фискальды чек бермесе, банк картасын қабылдаудан бас тартса, тауар сертификатын немесе лицензиясын көрсетпесе, сатып алушы QR-кодты сканерлеп, қағаз күйінде немесе мобильді қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тікелей шағымдануға құқылы.