Министрлік қазақстандық мұнай Түркия бұғаздарында тұрып қалғанын растады

0
532

Ресми ақпарат бойынша мұнай танкерлерінің бұғаздарда тұрғанына 6 күн болған.


Министрлік қазақстандық мұнай Түркия бұғаздарында тұрып қалғанын растады

ERNUR.KZ. Қазақстанның энергетика министрлігі Түркия бұғаздарында қазақстандық мұнай тиелген танкерлер тұрып қалғанын растады, деп жазады sputnik.kz.

Ресми ақпарат бойынша мұнай танкерлерінің бұғаздарда тұрғанына 6 күн болған.
"Бүгінгі таңда Босфор мен Дарданелл бұғаздарында күту 6 күнді құрайды. Қыс мезгілі үшін бұл қалыпты жағдай, былтыр желтоқсанда бұғаздарда күту шамамен 14 күн болған", - деп хабарлады ведомство.
Министрлік сақтандыру хаттары туралы мәліметтер нақтыланатынын атап өтті.
Шетелдік БАҚ-тың ақпаратынша, Түркия жағалауында мұнай тиелген танкерлер кептеліп қалды. Арасында қазақстандық мұнай да бар.
Кептеліске Еуропа одағының ресейлік мұнайға қатысты енгізген жаңа санкциялары себеп болған. Анкара кемелердің сақтандырушыларынан сақтандыру кепілдігі туралы хат талап етіп отыр.
Bloomberg мәліметінше, 18 млн баррель мұнай тиелген кемінде 20 танкер бірнеше күннен бері Босфор және Дарданелла бұғаздарында тұр.