Министрлік кейбір дәрі-дәрмек неге қымбаттағанын түсіндірді

0
516

Дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленді.


Министрлік кейбір дәрі-дәрмек неге қымбаттағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Сараптамаға сүйенсек, дәрілердің 90%-ы қымбаттамаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп жазады Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі баға өсуіне жол бермеу үшін шекті баға белгіледі. Бұл мәселе бұйрықпен реттеледі. Дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленген. Сараптамаға сүйенсек, 90% жағдайда дәрі-дәрмек қымбаттамаған.Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев

Вице-министр дәрі-дәрмектің 10%-ында ғана баға өскенін, бірақ бұл халықаралық нарықтағы жағдайға да ұқсас екенін айтты.

Болашақта оларды (жеткізушілер – ред.) жоғалтып алмау үшін біз осындай өсімге келісуіміз керек еді. Әңгіме 300-ге жуық зат шығатын мекеме жайында. Дәрілік заттардың 90%-ында қымбаттау болған жоқ. Тіпті дәрі-дәрмек 14%-ға арзандағаны да бар.Денсаулық сақтау вице-министрі