Министрлік маска тақпаған жағдайда айыппұл қалай салынатынын түсіндірді

0
708

5 шілдеден бастап қызметін қайта бастаған әртүрлі меншік нысанындағы объектілердің жұмысына, сондай-ақ тұлғалардың карантин талаптарын сақтауына тексеріс жүргізу мақсатында өңірлерде 779 мониторинг тобы құрылды.


Министрлік маска тақпаған жағдайда айыппұл қалай салынатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу режимін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндірді, ол ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде анықталған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Карантин режимін сақтамағаны үшін азаматтарға қатысты әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін (әлеуметтік қашықтық, адамдар көп жиналатын жерлерде маскасыз жүру және т.б.) дәлел базасын жинаумен ішкі істер органдары және мониторингтік топтар құрамындағы жергілікті полиция қызметі айналысады, кейіннен олар ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

Ал мемлекеттік органдар мен ұйымдардың карантин режимі кезінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды прокуратура органдары қамтамасыз етеді.

5 шілдеден бастап қызметін қайта бастаған әртүрлі меншік нысанындағы объектілердің жұмысына, сондай-ақ тұлғалардың карантин талаптарын сақтауына тексеріс жүргізу мақсатында өңірлерде 779 мониторинг тобы құрылды, олардың құрамына полицейлер, әкімдік өкілдері, "Атамекен" ҰКП, санэпидқызмет органдарының қызметкерлері мен волонтерлер кіреді.