Министрлік пневмониямен ауыратындар саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді

0
553

Елімізде өткен тәулікте 1081 адамнан пневмония анықталған.


Министрлік пневмониямен ауыратындар саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов 18 тамызда пневмония анықталған науқастардың саны күрт өсуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.


Өткен тәулікте елімізде 1081 адамнан пневмония анықталғаны хабарланған болатын.

"Мұндай жоғары көрсеткіштерді біз демалыс күндері аламыз. Апта басында мұндай өсім байқалуы мүмкін. Көбі демалыс күндері медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады, тіпті белгілер пайда болған жағдайда да ауруханаға бармай қалып жатады. Оған қоса, сенбі-жексенбі күндері емханалар жабық, сондықтан дүйсенбі-сейсенбі күндері көптеген адам келеді. Осыған байланысты осындай өсім тіркеледі", - деді министрліктің ресми өкілі.