Министрлік шетелдік сайттар мен мессенджерлердің жұмысын шектеуді ұсынды

0
414

​Ақпарат министрлігі өзгерістер БАҚ қызметіне еш әсер етпейтінін айтты.


Министрлік шетелдік сайттар мен мессенджерлердің жұмысын шектеуді ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шетелдік сайттар мен мессенджерлердің қызметін шектеуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство үкіметтің 2019 жылғы 26 наурыздағы №142 қаулысына мынадай түзетулер енгізуді ұсынып отыр:
- онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабарлар алмасу сервисінен тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату;
- егер онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындау үшін бағдарламаны орнатпаған жағдайда, өз ресурстарында пайдаланушылар санын айқындау;
- Қазақстан заңнамасына сәйкес республика аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметін шектеу;
- таратылуына Қазақстан заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі бас прокурордың немесе оның орынбасарларының министрлікке енгізген ұсынымымен, сондай-ақ министрліктің нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарды есепке алудың бірыңғай реестрін жүргізу;
- таратылуына Қазақстан заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі бас прокурордың немесе оның орынбасарларының бұқаралық ақпарат саласындағы уәкілетті органға енгізген ұсынымымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат саласындағы уәкілетті органның нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарды есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, таратылуына заң бойынша немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша заңды өкілдердің реестрін жүргізу;
- шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша заңды өкілдердің реестрін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту.