​Министрліктегі ұстау: Жауапты хатшы кепілмен босатылды

0
955

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды.


​Министрліктегі ұстау: Жауапты хатшы кепілмен босатылды

ERNUR.KZ. Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу жұмысымен айналысқан органның күдікті Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын.

Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді. Кейінірек Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.