"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды

0
897

Бұған дейін әлеуметтік желіде фильмнің прокаттан алынып тасталуы қоғамдық резонанс тудырды.


ERNUR.KZ. "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі бір аптаға ұзартылды, деп хабарлады филмнің режиссері Мұрат Есжан әлеуметтік желідегі парақшасында, деп жазады sputnik.kz.

"Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, “Оян, қазақтың” кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды! Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық! Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар! Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар", - деп жазды режиссер.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде фильмнің прокаттан алынып тасталуы қоғамдық резонанс тудырды. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы "Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмін прокаттан алып тастау себебін түсіндірді.

Телерадиокорпорацияның баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызының айтуынша, келісімшарт әу баста екі аптаға жасалды. 15 күнде фильмді 140 мыңнан астам адам көріп үлгерді.