Мойынты-Сарышаған теміржолындағы апат салдары жойылды

0
998

Шығынды кінәлі тарап өтейді.


Мойынты-Сарышаған теміржолындағы апат салдары жойылды

ERNUR.KZ. Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200 жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеуде.ҚТЖ баспасөз қызметі

Баспасөз қзыметінің мәлімдеуінше, теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздардың қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Пойыздың жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагонның бүйір рамасының сынуы.

Шығынды кінәлі тарап өтейді.

Еске салсақ, 1 қаңтар сағат 13:55-те Жамбыл темір жолы бөлімшесіне қарасты учаскеде жүк пойызының бидай тиелген 12 вагоны жолдан шығып кеткені еді.