Мөлдір Нарынова Азия чемпионы атанды

0
1 319

Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасы қоржынға 7 медаль салған болатын.


Мөлдір Нарынова Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова Тайбэйде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

70 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Мөлдір ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды, ал финалда Иран спортшысы Мариам Барбатты иппон ұпайымен жеңді.

Айта кету керек, чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасы қоржынға 7 медаль салған болатын.