"Моңғол" деп тіл тигізді: Болгариялық ер адам 11 жасар қазақстандық футболшыны ұрған (видео)

0
627

Болгария тұрғыны қазақтарды "моңғолдар" деп қорлап, Өзбекстан азаматтарына да қол көтерген.


ERNUR.KZ. Болгарияда өткен турнирде 11 жасар қазақстандық футболшыны ер адам ұрған, деп жазады stan.kz.

Мұны заңгер Мағжан Бейімбетов өз Facebook-парақшасында мәлімдеді.

"Болгарияның Обзор қаласында баламды футбол жарысына жібердім. Шынымды айтсам, Болгария азаматтарының Қазақстан азаматтарына көрсеткен қылықтарына таңғалдым! Бүгін 11 жастағы бір баламызды ойында Болгария командасы мүшесінің ата-анасы ұрып тастады", – деді Бейімбетов.

Оның айтуынша, Болгария тұрғыны қазақтарды "моңғолдар" деп қорлап, Өзбекстан азаматтарына да қол көтерген.

Әзірге Сыртқы істер министрлігі бұған жауап бермеді.