"Мүгедек қызды соққыға жыққан": Ақтауда 36 жастағы әйел мен жасөспірім арасында жанжал шықты (видео)

0
909

Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған, деп жазады stan.kz.

Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, көршісі мүгедек қызын ұрған.

"Қоңырау шалған учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.