Мүгедек жандарды күтушілер: Жәрдемақымызды жеп отыр

0
2 610

Алматы облысының әлеуметтік қызметкерлері мемлекет белгілеп берген ақшасын ала алмай жүр.


Мүгедек жандарды күтушілер: Жәрдемақымызды жеп отыр

Шелек ауылының тұрғындары бүгін жергілікті әкімдікке жиналып шу шығарып, жәрдемақыларын толығымен төлеп беруді талап етті. Өйткені ортаға делдал болып кіріккен қоғамдық ұйым мүгедектерді күтіп-баптайтын мамандардың ақшасын заңсыз ұстап қалатын көрінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қамкөңіл жандардың әкімдікке келіп шу көтеруіне әлеуметтік көмекшілеріне берілетін жәрдемақының дұрыс төленбеуі себеп. Бірнеше жылдан бері жырымдап, дұрыс төленбепті. Ол аздай жәрдемақы қоғамдық ұйым арқылы береледі екен. Биылдан бастап онсыз да мардымсыз көмектің 5 пайызы қызмет көрсететін қоғамдық ұйымға төленуі керек. Айына 88 мың теңге төленуі тиіс болса, қолдарына 25-30 мың ғана алады екен.

НПО-ның қажеті жоқ. Талабымыз Собездің берілетін ақшасына прямой без посредников, керек емес посредниктің. Ол өйткені ақшаны толық төлемейді. 5 процент ұстап қалады. Беріп жатқан құжаттары дұрыс емес. Бәрі юредический толтырылмаған. Калиграмма бәрі" - дейді 1-тап мүгедегі, Дәулетхан Оразбеков.

Жәрдемақы мандымағаны аздай, дәрі-дәрмек пен жаялықты да өздері сатып алатын көрінеді. Себебі, мемлекет тапынан берілетін жаялық сапасыз әрі жетпейді екен. Зар илеп отырғандар мүгедек жақындарының жанында тәулігіне 24 сағат бірге жүретін туыстары олар соның сегіз сағатына төлеп берсе деп отыр.

"Жолдасым 12 жыл бойы инвалид. Екі көзі соқыр, екі қол, екі аяғы істемейді. Соның әлеуметтік көмекші ретінде беріп отырған ақшамызды бермей отыр. Толық бермейді. Жеп қойып жатыр. Ахметжан Нүсірепович деп жатыр ғой, Назирасы бар, бәрі семейный. Біреуі келіні, біреуі ағасы, біреуі ініс. Осы біздің қаржымызды төлеп отырған адам" - дейді әлеуметтік көмекші, Бақытгүл Досанова.
"Мен мүгедекпін, мен үйде отырғым келмейді. Мен активный адаммын, далаға шыққым келеді. Суббота, воскресенье концерт. Любой нәрсеге, культурный нәрсеге жүргім келеді. Мен үйде қамалып отырғым келмейді" - дейді 1-топ мүгедегі Гүлниса Сагирова.

Ал "Мейірім ел" деп аталатын қоғамдық ұйым өкілдері өткен жылы ақша аз бөлінгендіктен жыл соңына жетпей бітіп қалды, содан соң аз берілді деп ақталуда. Мүгедектердің жәрдемақыларын беріп отырған қоғамдық ұйым өкілдері әлеуметтік көмекшілермен келісім-шартты бір жақты жасап келіпті. Тұрғындарға не мөрі, не жауапты адамның аты-жөнімен қолы қойылмаған келісім-шарт таратып беріпті.

"Егер печать керек болса любой адам келіп біз печать қойып береміз. Мен қазір личный деладан шығарып алып келдім"- дейді қоғамдық ұйым өкілі Ирибакиев Ахмет.

Ал аудандық еңбек және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері өткен жылы ақша аз бөлінгендіктен қаржы толық жетпегенін растады. Биыл аудандағы 312 мүгедек жанның көмекшілеріне 286 миллион теңге қарастырылыпты. Қаржы жеткілікті деп сендірді. Бірақ жүре алмайтындарға жәрдемақы төленбеуі тиіс екен.

Ақша мүгедектерді үйінен қажетті жерге дейін жеткізіп, қайтадан үйіне алып келгені үшін төленеді. Ал олардың асын беріп көмектесу оған жатпайды. Ақы атқарылған жұмыс бойынша төленеді. Заң бойынша жүре алмайтьын мүгедектерге мүлдем төленбеуі тиіс" - дейді аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Наталья Борискина.

Жәрдемақыдан қағылған әлеуметтік қызметкерлер қоғамдық ұйым қызметінен бас тартып, оны тікелей алуды мақсат тұтады. Онымен құзырлы органдарға шағым түсіруді көздейді. Себебі жәрдемақының біраз бөлігі заңсыз ұсталды деген пікірде.