Мұғалім болғысы келетін оқушылар арнайы жобаға қатыса алады

0
366

Пилоттық жобаға елорданың тағы 38 мектебі қосылады.


Мұғалім болғысы келетін оқушылар арнайы жобаға қатыса алады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп жазады baq.kz.

Мемлекет басшысының елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында педагогикалық колледжді педагогикалық университетке трансформациялау жұмысы басталған. Осы мақсатта «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» базасында Абай атындағы ҚазҰПУ филиалы ашылады, - деді ол.

Сенғазыев 2024 жылы қаңтар айынан бастап «Болашақ педагог мектебі» пилоттық жобысы аясында «Педагогикалық сынып» ерте кәсіби бағдарлау беру бойынша 12 мектепте жұмыс басталып кеткенін атап өтті.

Пилоттық жобаға елорданың тағы 38 мектебі қосылады.

Жобаға мектептерден педагогикалық мамандыққа қызығушылық танытып жүрген 9-11 сынып оқушылары қатысады. «Педагогикалық сынып» қаладағы жоғары оқу орындарымен бірігіп жүзеге асырылады, - деп түсіндірді басқарма басшысы.